Президент Кэлвин Кулидж (алдыңғы көліктің артқы орындығында қалпақсыз отыр) 1925 жылы 4 наурызда өткен екінші инаугурациясынан кейін кортежбен шерулетіп барады. Салтанатты шара алғаш рет радио арқылы тікелей эфирде баяндалды. Президенттің сөзін радиодан 23 миллион адам тыңдаған.
1929 жылғы 4 наурызда президент Герберт Гувердің инаугурациялық сөзін тыңдауға келген адамдар. Жиылған жұрттың бір бөлігі Капитолийдің үстіне шықса, бір бөлігі алдындағы көгалда тұрды.
Бастапқыда инаугурация 4 наурызда өтетін. Бірақ 1933 жылы президенттер арасындағы өтпелі кезеңді қысқарту үшін конституцияға түзету енгізіліп, инаугурациялар 20 қаңтарда өтетін болды.
Жаңадан инаугурацияланған президент Франклин Делано Рузвельт (ортада тұр, ала жолақты галстук таққан) әйелі Элеонора және ұлы Джеймспен бірге суретке түсіп тұр. 4 наурыз 1933 жыл. Рузвельт президент қызметін 1933-1945 жылдары бұрын-соңды болмаған төрт мерзім атқарды.
1951 жылы конституцияға екі мерзімдік шектеу жөнінде түзету енгізілді.
Гарри Трумэн Капитолийде инаугурациялық сөзін сөйлеп тұр. 20 қаңтар 1949 жыл.
Трумэннің жалғыз толық мерзімі осы сөзден басталды. Рузвельт тұсында ол вице-президент болған. 1945 жылғы сәуірде Рузвельт қайтыс болып, Трумэн қысқарған мерзімде президент болды.
Президент инаугурациясының құрметіне өткен шеруде Ковбой Монти Монтана президент Дуайт Эйзенхауэрге құрық лақтырып, жұртты күлкіге қарық қылып тұр. 20 қаңтар 1953 жыл.
Дуайт Эйзенхауэр президент қызметін екі мерзім атқарды.
Инаугурациядан өткен президент Джон Кеннедидің (бірінші көлікті қалпақсыз отыр) кортежі Пенсильвания көшесіне бұрылып жатыр. 20 қаңтар 1961 жыл. Кеннеди 1963 жылы қарашада қастандықтан қаза тапты.
Линдон Джонсон АҚШ-тың 36-президенті ретінде ант беріп тұр. Капитолий, 20 қаңтар 1965 жыл. Бұл оның екінші инаугурациясы. Бірінші мерзімін Кеннедидің қазасынан соң бастаған.
Инаугурациядан өткен президент Ричард Никсон (сол жақта) пен оның отбасы қызметінен кетіп жатқан президент Джонсонның отбасына қошемет көрсетіп тұр. 20 қаңтар 1969 жыл. Никсон президент болып екі рет сайланды. Бірақ екінші мерзімінде Уотергейт жанжалынан соң отставкаға кетті.
Джеральд Форд Ақ үйде АҚШ-тың 38-президенті ретінде ант беріп тұр. Қасында оның әйелі Бетти тұр. Инаугурация 1974 жылы 9 тамызда Никсон отставкаға кеткен күні өтті.
Инаугурация шеруінің роликті коньки тепкен қатысушысы президент Джимми Картерге қол бұлғап тұр. Картер сол күні шеруге дейін ант берді. 20 қаңтар 1977 жыл.
Президент Рональд Рейган мен оның әйелі Нэнси инаугурация шеруі кезінде лимузин көлігінен қол бұлғап тұр. 20 қаңтар 1981 жыл. Рейган президент қызметін екі мерзім атқарды.
Президент Джордж Буш пен оның әйелі Барбара Буш Пенсильвания көшесінде жиналған қауымға қошемет көрсетіп келеді. АҚШ-тың 41-президенті 1989 жылғы 20 қаңтарда ант берді.
Билл Клинтон әйелі Хиллари мен қызы Челсидің қасында ант беріп тұр. 20 қаңтар 1993 жыл. Клинтон екі рет сайланды.
Президент қызметіне кіріскелі жатқан адам "президент қызметін адал атқаруға" және "АҚШ конституциясын қорғауға" ант етеді.
Президент болып сайланған кіші Джордж Буш (сол жақта) пен оның әйелі Лаура және вице-президент Дик Чейни мен оның әйелі Линн. 2001 жылғы 20 қаңтарда өткен инаугурациядан кейінгі сәт. Кіші Буш екі рет сайланды.
Президент Барак Обама мен бұрынғы президент Джордж Буш инаугурация салтанатынан кейін кетіп барады. АҚШ-тың 44-президенті Капитолийдің батыс қанатында ант берді. 20 қаңтар 2009 жыл.
Президент Дональд Трамп пен оның әйелі Мелания Трамп Пенсильвания көшесіндегі инаугурация шеруінде. 20 қаңтар 2017 жыл.
АҚШ президенті Джо Байден пен оның әйелі. Инаугурациядан кейінгі сәт. Ақ үй, 20 қаңтар 2021 жыл.
Мұрағаттан алынған фотосуреттер соңғы 100 жылдағы АҚШ президенттерінің Вашингтонда ант беру рәсімі мен салтанатын бейнелейді.