Қарақалпақстанның егемендігі мен Өзбекстан құрамынан шығу құқығы туралы баптарды Конституциядан алып тастауға бейбіт қарсылықты билік күшпен басып, аяғы үлкен қантөгіске ұласқан Нөкіс оқиғасына биыл екі жыл толды.
Азаттықтың Әзербайжан қызметі – Азадлыг жүргізген зерттеу Каспий теңізінің жағалауына салынған элиталық үйлерді "заңдастыру" туралы жақында қабылданған заң небір қызыққа толы екенін көрсетті. Бұл президент Илхам Әлиевтің бұрынғы күйеубаласы Эмин Агаларов пен ресейлік олигархтың Каспий теңізінде Caspian Dream Liner деп аталатын зәулім кеме салу жобасын бастаған ұлына тиімді болып отыр.
Қырғызстанның Ош облысында тасқын салдарынан сегіз адам мерт болған. Оның төртеуі – кәмелетке толмаған қазақстандық балалар.
Президент жанындағы комиссия қамаудағы Кәрім Мәсімовке кешірім бермеу керек деген ұйғарымға келген. Соңғы сөз Қасым-Жомарт Тоқаевта.
АҚШ мемлекеттік департаменті 2023 жылды қорытатын Халықаралық дін еркіндігі есебін жариялады. Қазақстан туралы бөлімінде елде діни сенімі үшін мемлекеттен қысым көру фактілері баяндалған, оң өзгерістер де аталған.
Алматыда сейсенбі күні автобус апатқа ұшырады. Ауыр жарақат алған бір адам жедел жәрдем келгенше жан тапсырған. Жиырмадан аса кісі зақымданып, төртеуі ауруханаға жатқызылды. Апаттан соң қаладағы қоғамдық көлік қауіпсіздігінің нашарлығы туралы айтыла бастады.
Қазақстанда бірыңғай уақыт белдеуіне қарсы петиция бойынша алғашқы отырыс өтті. Әзірше нақты нәтиже жоқ.
Шанхай кинофестивалінде қазақстандық режиссер Данияр Саламаттың "Талақ" фильмі жеңімпаз атанды. "Ең үздік әйел рөлі" де осы фильмде ойнаған актрисаға берілді.
Ресейдің Дағыстан республикасында теракт болып, жиырмада астам адам қаза тапты.
Украина бас прокуратурасы Айдос Садықовқа Киевте қастандық істеген күдіктілердің аты-жөнін атап, суретін көрсетіп, халықаралық іздеу жариялады.
Украина астанасы Киевте белгісіз біреу қазақстандық оппозиционер Айдос Садықовты атып кеткені, оның жансақтау бөліміне түскені хабарланды.
Алматы облысында жаңадан құрылған Алатау қаласының құрамына кірген бұрынғы Қоянқұс ауылының халқы су, газ, жол мәселесін айтып шағынады. Қала әкімінің орынбасары мәселенің бәріалдағы уақытта шешілетініне сенімді.
16 маусымда Алматыда қоғам қайраткері Мұрат Әуезовті жұртшылық ақтық сапарға шығарып салды. 81 жастағы ғалым ұзаққа созылған дерттен 14 маусымда қайтыс болды. Марқұмды әкесі Мұхтар Әуезовтің зиратының қасына жерледі.
2024 жылғы 16 маусымда Алматыдағы Мұхтар Әуезов атындағы қазақ драма театрында қоғам қайраткері, ғалым Мұрат Әуезовпен қоштасу рәсімі өтті, сол жерде жаназасы шығарылды. Марқұм Алматының орталығындағы зиратта жатқан әкесінің қасына жерленді.
Утилалымға қарсы петиция авторлары мен үкімет мүшелері арасында келіссөз жиыны басталды. Белсенділер талабы орындала ма?
Әскерде жүріп жұмбақ жағдайда қайтыс болған екі сарбаздың, комаға түскен бір жауынгердің аналары Алматыда баспасөз мәслихатын өткізіп, қылмыстық істер тергеуі сылбыр жүргізілетінін я мүлде қаралмайтынын айтты. Қаза болған сарбаздың анасы ресми медициналық сараптама қорытындысына сенбейді.
Әскерде балалары қайтыс болған немесе жұмбақ жағдайда жарақат алып, ауруханаға түскенін айтқан бірнеше ата-ана тергеуге күмән келтіріп, баспасөз маслихатын өткізді.
Тағы