2 тамызда Қонаев соты "экстремизмді қаржыландырды" және "тыйым салынған ұйымның жұмысына араласты" деп айыпталған журналист Думан Мұхаммедкәрімді кінәлі деп танып, жеті жылға бостандығынан айырды. Азаттыққа бұл туралы журналистің адвокаты Ғалым Нұрпейісов хабарлады.
Алматыдағы Абай атындағы Қазақ Ұлттық опера және балет театрының көрермендермен қызмет бөлімінің жұмысшылары театр басшылығы еш ескертусіз жұмыстан шығарғанын айтады.
Журналист, Ne Deidi YouTube-арнасының авторы Думан Мұхаммедкәрімнің сотында жарыссөз аяқталды. Айыптаушы соттан журналисті кінәлі деп танып, 7 жылға бас бостандығынан айырып, 3 жыл қоғамдық-саяси жұмыспен айналысуға тыйым салуды сұрады.
18 шілдеден бастап режиссер Асхат Кучинчерековтың "Бауырына салу" фильмі кинотеатрлардан көрсетіліп жатыр. Әке-шешесінен жырақта өскен баланың күйзелісін көрсеткен фильмнен көрермен әсерленіп шықты. Өзі де осы дәстүрмен ата-әжесінің қолында өскен фильм авторынан Азаттық сұхбат алды.
Қазақстан споршылары 26 шілдеде басталатын Париж олимпиадасына аттанды. Бұл жарыста ел намысын 80 спортшы қорғайды. Олар спорттың 25 түрінен жүлдеге таласады. Болжам қандай?
Қырғызстан, Тәжікстан мен Өзбекстан шекарасы түйіскен Ферғана аймағында су экологиялық, экономикалық, әлеуметтік ғана емес, геосаяси мәселеге айналған. Өзендердің көбі үш мемлекеттің де аумағынан ағып өтеді. Сондықтан суды ортақ пайдалану және бөлісу — даулы мәселе.
Париж олимпиадасы қарсаңында Азаттық Қазақстаннан шыққан олимпиада чемпиондары жайлы ақпарат ұсынады.
Қырғызстанда жүздеген шопан көктемнің аяғында таудағы жайлауға ұзақ, қиын да қауіпті жол жүріп жетеді. Мал жаюға шөбі шүйгін жер іздеген көшпенді қырғыздар алдыңғы жылдарға қарағанда әлдеқайда биік тауға шығуы керек.
Қазақстанның өнеркәсіп және құрылыс министрлігі шетелден әкелінетін көліктерге утилалымды алып тастау талабын қабылдамағысы келмеді. 15 шілдеде Алматыда өткен қоғамдық тыңдауда ведомства өкілдері осындай алдын ала шешім шығарып, петицияда көрсетілген уәждер шындыққа жанаспайды деп мәлімдеді.
Алматыда бір топ аниматор жеті айдан бері жалақы ала алмай жүргендерін айтып, Қазақфильм киностудиясының алдында наразылық білдірді. Жиналғандар компания директорының шығуын талап етті. Қазақфильм басшылығы мәселені Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығына сілтейді.
АҚШ-тың бұрынғы президенті және республикалық партия атынан алдағы президенті сайлауына қатысатын Дональд Трамп 13 шілдеде Пенсильвания штатында сайлауалды митинг кезіндегі оқиға кезінде жараланды. Оқиға қастандық ретінде тергеліп жатыр.
Журналист, "Не дейді?" YouTube арнасының авторы Думан Мұхаммедкәрімнің қамауда жатқанына 1 жылдан толық асты. Қоғамдық-саяси оқиғалардан хабар таратып, жеке арнасын жүргізген журналиске "Экстремизмді қаржыландыру" және "Тыйым салынған ұйым жұмысына араласу" баптары бойынша айып тағылған.
Алматыда оппозициялық белсенді Айдос Садықовты еске алып, саяси қуғын-сүргін құрбандарына арналған ескерткішке жиналмақшы болған белсенділердің жолын полиция бөгеді. "Қарағайлы" саябағын жөнделіп жатыр деген полицейлер аумақты қоршап тұрды. Белсенділер мұны әдейі жасалған әрекет деп біледі.
Кешелі бері Қазақстан астанасында Шанхай Ынтымақтастық Ұйымына (ШЫҰ) мүше елдердің саммиті өтіп жатыр. Оған қатысуға басқа басшылармен қатар Қытай төрағасы Си Цзиньпин мен Ресей президенті Владимир Путин келді. Осы жолы ұйым құрамына Беларусь қосылмақ.
Желіде Украинада қастандыққа ұшырап, екі аптаға жуық жансақтау бөлімінде жатып көз жұмаған Айдос Садықовтың қазасын «Қазақстан билігіне қарсы ұйымдастырылған әрекет» деп бағалап жатқандар бар. Шетелде тұратын оппозициялық саясаткер Владимир Козлов оны тапсырмамен жасалған науқан деп санайды.
Тағы