Accessibility links

АҚШ-та TikTok істемей қалды


Жексенбі күні америкалық қолданушылар TikTok желісін аша алмай қалды. Қосымшаны ашқан кезде "Кешіріңіз, TikTok қазір жабық. АҚШ-та TikTok-қа тыйым салатын заң күшіне енді, енді оны пайдалана алмайсыз. Бір жақсысы, президент Трамп қызметке кіріскенннен кейін бұл мәселені шешуге тырысатынын айтқан. Бізбен бірге болыңыз" деген жазу пайда болады.

TikTok АҚШ-та сенбі күні кешке қарай – тыйым күшіне енбей тұрып бірнеше сағат бұрын істемей қалған. Google Play мен Apple Store сервистері де америкалық қолданушыларға оны орнату мүмкіндіктерін алып тастады.

Бұған дейін АҚШ Жоғарғы соты егер TikTok қытайлық ByteDance компаниясынан ажырамаса, желіге тыйым салуға мүмкіндік беретін заңның күшін жоюдан бас тартқан. Құжат Дональд Трамптың инаугурациясына бір күн қалғанда - 19 қаңтарда күшіне енеді.

Трамп желіні америкалықтарға сату арқылы "TikTok-ты құтқаруға" уәде берген. 17 қаңтарда Трамп Қытай жетекшісі Си Цзиньпинмен телефонмен сөйлесіп, әңгіме барысында TikTok мәселесін де талқылаған.

NBC телеарнасына берген сұхбатында Трамп инаугурациядан кейін TikTok-қа тыйымды 90 күнге шегеретін ережені бекітуі мүмкін екенін мәлімдеген. Осы уақыт аралығында компанияның иесі заңнама мәселелерін шеше алады.

АҚШ-та шамамен 170 млн TikTok қолданушысы бар.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG