Accessibility links

Трамп Си Цзиньпинмен TikTok пен сауда-саттықты талқылағанын айтты


Си Цзиньпин (сол жақта) пен Дональд Трамптың (оң жақта) 2017 жылы кездескен сәті.
Си Цзиньпин (сол жақта) пен Дональд Трамптың (оң жақта) 2017 жылы кездескен сәті.

17 қаңтарда Қытай басшысы Си Цзиньпин АҚШ-тың жаңадан сайланған президенті Дональд Трамппен телефон арқылы сөйлескен. Бұл туралы алдымен Қытайдың Синхуа агенттігі хабарлады. Бірақ Агенттік Си Цзиньпин пен Трамп не туралы сөйлескенін айтпаған.

Ал Трамп өзінің TruthSocial желісінде Қытай басшысы Си Цзиньпинпен телефон арқылы сөйлескенін мәлімдеп, "әңгіме АҚШ пен Қытайға да өте жақсы болды" деді.

"Біз көп мәселені шешеміз деп ойлаймын және бірден іске кірісеміз. Біз сауда балансын, фентанил, TikTok және басқа мәселелерді талқыладық. Төраға Си және мен әлемді бейбіт әрі қауіпсіз ете түсу үшін қолдан келгеннің бәрін жасаймыз" деп жазды Трамп.

Трамп 20 қаңтарда АҚШ президенті қызметіне кіріседі.

Қазір АҚШ-та Қытайдың TikTok желісін бұғаттау жайлы сөз болып жатыр. 19 қаңтарда АҚШ-та TikTok Қытайдың ByteDance компаниясын бөлінбесе қызметіне шектеу қоятын заң күшіне енеді. АҚШ Қытайдың ByteDance ұлттық қауіпсіздікке қауіп төндіреді деп санайды.

Бұған қоса, Трамп Қытайдан АҚШ-қа келетін тауарға салықты көбейтетінін мәлімдеген.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG