Кремль АҚШ-тың жаңа президенті Дональд Трамп Ресей президенті Владимир Путинге бірінші болып қоңырау шалады деп күтеді. Трамптың инаугурациясы жақындаған тұста Батыс елдері Ресей басып алған жерлерін өз иелігінде қалдыра ма деп қауіптене бастады.
Ресейдің Украинаға басқыншылық соғысында дрондар көп мәселені шешетін қаруға айналды. Батыс елдерінен ракета мен артиллерия аз келіп жатқан тұста Украина дрон өндірісін дамытып жатыр. Қазір бұл елдің дрондары Татарстан мен Шешенстанға дейін жетті. Украинада қандай дрондар бар, олардың күші қандай?
Украина президенті Владимир Зеленский тұтқынға түскен тағы бір солтүстіккореялық солдатты көрсетті. Курск облысы мен Донбасс аймағында кескілескен шайқас болып жатыр. "РБК-Украина" сайты "Зеленский қайта сайлауға түсе ме, басты қарсыласы кім болмақ?" деген мақала жариялады.
Украина мен Ресей соғыста қанша солдаты жараланды? Ресми Мәскеу мен Киев әскердегі адам шығыны жайлы не дейді? Батыс барлаушыларының есебі қандай?
Дональд Трамп Ресей президентімен соғыс жайын талқылауға дайындалып жатқанын мәлімдеді. Трамптың командасына орынын босатқалы тұрған Байден әкімшілігі Украинаға соңғы әскери көмек пакетін жариялады. Ресей мен Украина соғысындағы кейінгі жаңалықтарды ұсынамыз. 9-10 қаңтар.
Ресей Украинаның Запорожье қаласына шабуыл жасап, 13 адам қаза тапты. Курск облысында Ресейдің сәл алға жылжығаны айтылды. Украинаның Покровск қаласына соғыс оты жақындап келеді, бірақ қалада мыңдаған адам тұрып жатыр. Соғыстағы ахуал. 8-9 қаңтар.
Дональд Трамп Украинаның НАТО-ға мүше болуына күмән келтіреді. Украина Ресейдің Саратов облысына дронмен шабуылдап, мұнай зауыты өртенгені айтылды. Биліктен кетіп бара жатқан Байден Украинаға соңғы көмегін көрсетпек. Соғыстағы ахуал. 7-8 қаңтар.
Украинаның Курск облысындағы шабуылы жалғасып жатыр. Франция президенті Макрон соғысқа байланысты Трампқа қайырылды. Францияда жаттыққан украиналық әскерилер жаттығу базасынан қашқан.
Украина күтпеген жерден Курск облысында тағы да шабуылға шықты. Зеленский америкалық подкастерге берген сұхбатында Путинмен тек күшпен сөйлесу керек деді. Әзербайжан басшысы ұшақ апатына тағы да Ресейді айыптап, кінәлілерді жазалауды талап етті. Соғыстағы ахуал. 5-6 қаңтар.
Украинада ұзақмерзімді бейбіт келісімнің ауылы алыс сияқты. Бірақ жақында АҚШ президенті қызметіне кірісетін Дональд Трамптың соғысты жедел аяқтаймын деген уәдесін ескерсек, оқ атуды тоқтатуға талпыныс болары анық. 2025 жылы зеңбірек дауысы басыла ма? Бұл Украина үшін нені білдіреді?
Ресей президенті Владимир Путин 2025 жылы соғысты аяқтауға талпынатынын, келіссөздің Словакияда өткеніне қарсы емесін айтты. Оңтүстік Корея барлаушылары Солтүстік Корея әскериі Украинаның тұтқынына түскенін мәлімдеді. Соғыстағы ахуал. 26-27 желтоқсан.
Тағы