Тегеранда Жоғарғы сот ғимаратында атыс болып, екі адам қаза болды. Бұл жөнінде IRNA агенттігі хабарлады. Тағы бір судья жарақаттанған. Шабуылдаушы өзіне қол салған. Билік оқиғаны теракт деп бағалады.
Алдын ала мәлімет бойынша, оқ атқан адамның Жоғарғы сотта қандай да бір ісі қаралмаған және сотқа келушілердің қатарында болмаған.
Атыстың салдарынан екі судья: Мохаммад Могисе және Әли Разини қаза болды. Олар ұлттық қауіпсіздік, тыңшылық және терроризмге қатысты істер бойынша маманданған.
Азаттықтың Иран қызметінің хабарлауынша, Могисе көп саяси тұтқындардың ісін жүргізген. Судья Ирандағы адам құқығының бұзылуына қатысы бар тұлға ретінде АҚШ пен Еуроодақтың санкциясына ілінген.
Разиниге 1998 жылы да қастандық жасалған. Ол кезде Тегеранның бас судьясы болған Разинидің көлігіне бомба қойылған еді.
ПІКІРЛЕР